Жарияланды: 30

WhatsApp-ты қолданыстан шығаратын мессенджер іске қосылмақ

WhatsApp-ты қолданыстан шығаратын мессенджер іске қосылмақ

WhatsApp, Viber және Telegram мессенджерлерін қолданушылар саны күн сайын артып келеді. Сол себептен Google компаниясы бірер ай бұрын аталмыш қызметтерді қолданыстан түсіретін жүйені шығаруға шешім қабылдады.

Бұл туралы Казинформ хабарлайды.

Chromium Gemit командасының әзірлеушілері атап өткендей, Google компаниясы WhatsApp және Viber желілерін жоятын қызмет түрін көпшілік қолданысқа енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әңгіме Android Messages туралы болуда. Ол Android Messages деп аталатын операциялық жүйелердің базасында барлық смартфондарға енгізіледі. Америкалық корпорация болашақта аталмыш мессенджерді барлық платформаларда және электрондық құрылғыларда, сондай-ақ компьютерлер мен планшеттерде қолдануға мүмкін болатындай етіп жасап шығармақ.

Қазіргі уақытта Android Messages-те бүтін бір мессенджерге тән функциялар жоқ, алайда биылғы жылдың аяғына дейін бәрі өзгермек. Осыдан екі ай бұрын ғана Google аталмыш сервис толығымен қайта өңделетінін жария еткен болатын. Ал толығырақ ақпараттармен кейінірек бөлісуге уәде етті.   

Оқи отырыңыз:

"Соңғы күндері өмірімде жағымсыз да көңіл қаларлықтай, жанға ауыр тиетіндей жағдайлар болды" - Гүлнұр Оразымбетова

Зағипа Балиева қызметінен босауына қатысты пікір білдірді

"Өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын, бәрі артта қалды" - Ерке Есмахан
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть