WTI мұнайы баррелінің бағасы 40 доллардан төмендеді
![]() |
Оңтүстік Шығыс Азия биржасындағы саудада Brent маркілі мұнай баррелінің құны 45,02 долларға дейін төмендеді. |
Техастық WTI мұнайы баррелі де 39,85 долларға түсті.
Бұл 2009 жылғы наурыз айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Негізгі қор индекстері де құлдилады. Токио биржасы -2,44%, ал Гонконг биржасы - 3% астамға төмендеумен ашылды, Шанхай биржасы 5% жоғалтты.
Жексенбі күні Таяу Шығыстағы биржадағы саудада бағаның күрт құлауы байқалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін