Жарияланды: 530

WTI мұнайының бағасы 2009 жылғы минимумды жаңартты

WTI мұнайының бағасы 2009 жылғы минимумды жаңартты

WTI мұнайының бағасы 2,5%-ға төмендеп, 6 жыл бұрынғы минимумды жаңартты, - деп хабарлайды http://24.kz/.

Нью-Йорк биржасында оның баррелі 42 доллардан сатылды. Осылайша батыс техастық ашық түсті қара алтынның құны маусым айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, 31%-ға құлдыраған. Әлемдік мұнай нарығындағы ахуалға доллардың нығаюы мен Қытай экономикасының әлсіреуі кері әсер етіп отыр. Сонымен қатар, бұған макроэкономикалық жағдайларға қатысты алаңдаушылық ықпал етуде деп түсіндірді сарапшылар. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін