Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын марапаттау туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын марапаттау туралы

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын марапаттау туралы

2019 жылғы 29 тамыз күні сағат 11.00-де Назарбаев орталығында Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының Лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.

  • 23 Тамыз 2019
  • 104
Фото - Caravan.kz

Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Сыйлық 2016 жылдан бастап саяси және қоғамдық көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі. Екіжылда бір рет тағайындалатын Назарбаев сыйлығы29 тамыз –Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне және Семей ядролық полигонының жабылу күніне орай белгіленген.

Осы жылы Сыйлықты беру күніерекше мәнге ие. Биыл Невада-Семей ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының құрылғанына 30 жыл және 29 тамыз күнін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялау туралы БҰҰ қарарының қабылданғанына 10 жыл.

Марапаттау рәсіміне Сыйлықтың лауреаттарыжәне олардың өкілдері, Сыйлықты тағайындау комитетінің мүшелері, Ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу жөніндегі ұйымның Дайындық комиссиясының жауапты хатшысы, МАГАТЭ өкілдері, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшылары, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжіліс депутаттары, танымал қоғам қайраткерлері қатысады.


 

 

 

Соңғы жаңалықтар