Жарияланды: 680

Ялтада ТМД аясындағы еркін сауда аймағының жұмыс істеу мәселесіне арналған ғылыми симпозиум өтеді

Тамыздың 15-16 күндері Ялтада "ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аясындағы еркін сауда аймағының тиімді жұмыс істеу тетігін қалыптастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми симпозиум өтеді. Оған қатысушылар еркін сауда аймағын құру және оның жұмыс істеуіне қатысты экономикалық және құқықтық мәселелерді талқылайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламадан мәлім болды.

Сондай-ақ, симпозиумда аймақтық сауда-саттық бірлестіктерін құру жөніндегі әлемдік тәжірибені пайдалану, ТМД еркін сауда аймағындағы инстуционалдық, мониторингтік және ақпараттық құрылымдар туралы мәселе әңгіме өзегіне айналады. Еркін сауда аймағының жұмыс істеу мәселесіне арналған бұл семинарды ұйымдастыру жөніндегі бастаманы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы, Украина президенті Леонид Кучма көтерді. Экономика министрлерінің деңгейіндегі бұл бас қосуға ТМД аясындағы барлық елдерден өкілдер қатысқалы отыр. Симпозиумға арнайы шақырылған қонақтар арасында ТМД атқару комитетінің төрағасы Юрий Яров, Еуропалық еркін сауда ассоциациясы мен Латын Америкасының интеграциялық қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ, Словакиялық, Польшалық, Венгриялық және Чехиялық сарапшылар бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть