Жарияланды: 440

Ялтада ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде

Ялтадағы Ливадий сарайында ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде,- деп хабарлайды UNIAN ақпараттық агентті.

Отырысқа Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Әзербайжан, Қазақстан, Беларусь және Молдова сыртқы істер министрлері қатысуда. Бас қосудың күн тәртібіне 21 мәселе шығарылған. Атап айтсақ, отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлерінің кеңесі туралы шешімнің жобасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы "Игла" және "Стрела" үлгілі көшпелі зениттік кешендер саудасына бақылау қою жөніндегі шешім жобасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы туралы шешімнің жобасын, Абхазия мен Грузиядағы шиеленіс аймағында бейбітшілік қорғау жөніндегі Ұжымдық күштердің Қолбасшысы туралы, сондай-ақ, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2002-жылғы 22-наурыздағы Абхазия мен Грузиядағы шиеленіс аймағында бейбітшілік қорғау жөніндегі Ұжымдық күштерді орналастыру жөніндегі шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпаратты талқылайды. Сондай-ақ, бұл бас қосуда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономика саласындағы ықпалдастығын дамытуға қатысты ұсыныстар дайындау барысы туралы ақпаратты да сарапқа салу жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін