Ялтада ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ялтада ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде

Ялтада ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде

Ялтадағы Ливадий сарайында ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде,- деп хабарлайды UNIAN ақпараттық агентті.

  • 18 Қыркүйек 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

Отырысқа Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Әзербайжан, Қазақстан, Беларусь және Молдова сыртқы істер министрлері қатысуда.

Бас қосудың күн тәртібіне 21 мәселе шығарылған. Атап айтсақ, отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлерінің кеңесі туралы шешімнің жобасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы «Игла» және «Стрела» үлгілі көшпелі зениттік кешендер саудасына бақылау қою жөніндегі шешім жобасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы туралы шешімнің жобасын, Абхазия мен Грузиядағы шиеленіс аймағында бейбітшілік қорғау жөніндегі Ұжымдық күштердің Қолбасшысы туралы, сондай-ақ, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2002-жылғы 22-наурыздағы Абхазия мен Грузиядағы шиеленіс аймағында бейбітшілік қорғау жөніндегі Ұжымдық күштерді орналастыру жөніндегі шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпаратты талқылайды.
Сондай-ақ, бұл бас қосуда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономика саласындағы ықпалдастығын дамытуға қатысты ұсыныстар дайындау барысы туралы ақпаратты да сарапқа салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар