"Үйлену тойы болатын күн еді": Құлсарыда 8 күн бұрын жоғалып кеткен әкелі балалының денелері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үйлену тойы болатын күн еді": Құлсарыда 8 күн бұрын жоғалып кеткен әкелі балалының денелері табылды

"Үйлену тойы болатын күн еді": Құлсарыда 8 күн бұрын жоғалып кеткен әкелі балалының денелері табылды

6 сәуір күні Құлсары қаласында су басқан үйді көруге аттанған әке мен баласының денесі судан 14 сәуір күні шығарылды.

  • 15 Сәуiр
  • 1671
Фото - Caravan.kz

6 сәуір күні Құлсары қаласында су басқан үйді көруге аттанған әке мен баласының денесі судан 14 сәуір күні шығарылды.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ауыр қаза
Жүрегім ауырып, қабырғам қайысып отыр
Бір үйден 2 адам, әке мен бала…
Отбасында 1 ұл, 1 қыз еді. Бір-ақ сәтте арыстай 2 адамынан айырылған шаңырақтың қайғысына ортақпын. Енді анасы мен Диана қызымыз екеуі қалды…
Жәй ғана жауапсыздық, іздеу-құтқару шараларына салғырттықтан 2 адам бақи дүниеге кетті.
Шыр-пыр болып су басына келіп, Әкешім, Асылхаааан деп жаңғыртқан қыздың үнін естіп дабыл қосып ем. Ертеңіне күштік құрылымдар кірісіп іздеген болды. Алайда, Алматыда отырып пост жазып, история салмасаң іс баяулап қалады.
Не қайық, рация, су плащь, не комбинезон, фонарик т.б. ең қажет заттың бәрі МЧС-те жоқ деп жылаған әулетке көмекке осы заттардың бәрін Алматыдан арқалап келіп едім… Өкінішке орай, бүгін бұл құралдардың бәрі керек емес болып қалды. Кеш қалдық…
Тура мен келгенде қос денені судан алып шықты. Ал, негізі бүгін Асылхан үйленіп, дүркіретіп той жасап жатуы керек-тін. Алланың бұйрығына қарсы шара бар ма?
Ертең арулап жерлеу рәсімі. Өздері үйі суға кетіп, күйі жоқ.
Бір әулеттің шаңырағын шайқалтқан қазаға қайғыра көңіл айтамын.
Алла алдарынан жарылқасын.
Төтенше жағдай кезінде адам өмірін қауіпсіз сақтай алмаған құзырлы жандар заң алдында жауап беруі тиіс!!!
Алла отбасына сабыр, елге тыныштық берсін», — деп жазды журналист.

Соңғы жаңалықтар