Ылғи сатқындар тұратын осындай ел үшін ұяламын! Қуат "Найман" мүгедек спортшыға қолдау білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ылғи сатқындар тұратын осындай ел үшін ұяламын! Қуат "Найман" мүгедек спортшыға қолдау білдірді

Ылғи сатқындар тұратын осындай ел үшін ұяламын! Қуат "Найман" мүгедек спортшыға қолдау білдірді

 

  • 24 Қаңтар 2018
  • 1511
Фото - Caravan.kz

Аралас жекпе-жектен «Найман» лақап атымен танымал спортшы Қуат Хамитов тағы да билікті сынап, өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл жолы ол Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық спортшы жайлы әлеуметтік желіге жазды.

«Бұл Эльдар Зейналов. 2017 жылы өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Өзінің кемшіліктері мен ауруына қарамастан, күзетші болып жұмыс істейді. Жаттығады және елінің атын шығарып жүр.Ата-анасы жоқ, жетім. Құр қол бастаған жерге қараусыз қалдырып кеткені үшін Спорт министрлігіне рахмет. Жылдар бойы осылай жалғасып келеді. Тек қалтасын қампайтуды ғана ойлатын ылғи сатқындар тұратын осындай ел үшін ұяламын. Ар-намыс деген ұғым әлдеқашан ұмыт болған ел. Билік бұл байғұс балаға көлік, үй тіпті сыйақы бермек түгілі рахмет айтуға жарамады! Осындай жағдайлардан соң елімізде чемпиондар қалай пайда болады, дені сау ұрпақ қайдан өсіп шығады?! Бұл өзі қандай ел»,- деп жазыпты Қуат Хамитов.

Бұған қоса Қуат «Найман» Астана әкімін де ашына сынады. Жалпы ережесіз жекпе-жек шебері ел билігін үнемі сынап, ойын ашық айтатын жандардың қатарынан.


Соңғы жаңалықтар