Ырым-тыйымдар: Қоян жылын қалай қарсы алу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ырым-тыйымдар: Қоян жылын қалай қарсы алу керек?

Ырым-тыйымдар: Қоян жылын қалай қарсы алу керек?

Көптеген отбасы жаңа жыл кешіне дайындалып, қарбаласып жатыр. Алайда, жылды қарсы алуға қатысты ырымдардың барын білеміз бе? Нумеролог Құралай Бақыт солардың бірқатарын атап өтті.

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 163
Фото - Caravan.kz

Маманның айтуынша 12-ні қарсы алудың жыл иесіне қарай өзіндік тәртібі бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

Мәселен, қоян тыныштықты жақсы көретін жануар болғандықтан, бөгде адамдармен қарсы алмаған дұрыс. Мерекені отбасымен бірге өткізу керек екен.

"Ал, дастарханға келетін болсақ, сәбізден жасалған салаттар, түрлі тағамдарды ұсынған жақсы. Жыл саны — 7. Үйге жеті данадан заттар алуыңызға болады. Мысалы, өткен жылы алты шыныаяқ ырымдап алып жаттық. Негізі 7 — махаббат саны. Шыршаға жұптар символы, жүрекше ойыншықтар іліп қоя аламыз. 

Тағы бір ырым — дәл 31 желтоқсан күні үйді сыпырып, тазалық жұмыстарын жасауға болмайды. 


25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығының энергетикасы мықты. Осы уақытта тілеген армандарыңыздың орындалу ықтималдығы жоғары", — деді нумеролог.

Сонымен қатар, биылғы жылдың түсі — қара мен көк екенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар