"Үш ойын - үш жеңіс": Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш ойын - үш жеңіс": Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

"Үш ойын - үш жеңіс": Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Анталияда (Түркия) теннистен өтіп жатқан Juniors Davis Cup жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.

  • 14 Қараша
  • 7
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

B тобындағы соңғы ойында қазақстандықтар Дэвис Кубогын төрт рет жеңген Франция (1992, 1993, 1996, 2005) құрамасын тізе бүктірді.

Алдыңғы ойындармен салыстырғанда, Қазақстан командасының капитаны Сергей Квак құрамға өзгеріс енгізіп, алғашқы ойынға Даниэль Тазабековты шығарды. Тартысты кездесуде Даниэль қарсыласы Даниэль Жадаға 4:6, 4:6 есебімен жол берді.

Келесі болып кортқа командалардың бірінші ракеткалары Занғар Нұрланұлы және әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 52-ші орында тұрған Муаз Куаме шықты.Жанкүйерлер күткендей, ойын тартысты болды. Алғашқы сет француздың пайдасына аяқталды — 6:2, бірақ келесі екі сетте Занғар басымдылық көрсетіп, қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Шешуші жұптық ойында Дамир Жолғасбай мен Даниэль Тазабеков Даниэль Жада және Фердинан Ливе Новкиришка жұбын ұзаққа создырмай 6:0, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Қазақстан үш ойынның  үшеуінде де жеңіске жетіп, бірінші орынмен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.