Ыстамбұл әуежайында болған отандастарымыз Түркиядағы соңғы лаңкестік туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстамбұл әуежайында болған отандастарымыз Түркиядағы соңғы лаңкестік туралы айтып берді

Ыстамбұл әуежайында болған отандастарымыз Түркиядағы соңғы лаңкестік туралы айтып берді

 

  • 29 Маусым 2016
  • 347
Фото - Caravan.kz

Ыстамбұл әуежайында жарылыс болған уақытта Астанадан Болгарияға ұшатын қазақстандықтар әуежайдың жүк қоймасы бөлігінде болыпты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлердің бірі хабарлаған. Ол бірінші жарылыстың алыста болғандықтан қатты естілмегенін айтты.

Ал әуежайдың кіреберісінде болған екінші жарылыстың даусы қатты шыққан. "Біздің тобымызда 21 адам болды. Біз Болгарияға балалармен музыкалық конкурсқа ұшқалы жатыр едік. Біз өз жүгімізді алып, өзгелерді күтіп тұрдық. Бастапқыда шапалақ сияқты дауыс естілді, кейін жарылыс болды. Бұл әуежайдың кіреберісінде, бақылау бөлімінде болды. Быт-шыты шықты, қабырғаның сылағы түсті. Құдайға шүкір, ешқайсымыз жарақат алмадық", — деді әйел. Ол өз тобының Astana music studio-да айналысатынын айтты. Олар Болгарияға сағат түнгі екіде ұшуы тиіс еді.

Конкурс 1-7 шілде аралығында болады. Топ вокалмен айналысады екен. "Оқиға болғанда бізді әуежайдан шығарып алып кетіп, кетіп қалуымызды сұрады. Осыдан кейін біз қонақүйге жаяу келдік, ол әуежайдың маңында орналасқан. Бастапқыда бізді қонақүйге кіргізбеді, орын жоқ деді. Кейін Қазақстан консулдығы араласқаннан кейін бос бөлмелер табыла кетті", — деді ол.


Ататүрік халықаралық әуежайындағы автотұрақта, шығаберісінде және кіреберісінде үш бірдей жарылыс болған еді. Оқиға Астана уақытымен сағат 01.00-де болды. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден 36 адам қаза тапты. Шамамен 60 адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда шабуылды екі лаңкес жасаған, олар граната лақтырған.
 

Соңғы жаңалықтар