Ыстық күндер аяқталды: Ауа райына болжам жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстық күндер аяқталды: Ауа райына болжам жасалды

Ыстық күндер аяқталды: Ауа райына болжам жасалды

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, жел тұрады, ауа температурасы төмендейді

  • 23 Қыркүйек 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

."Қазгидромет" РМК 24-26 қыркүйек күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ыстықтың беті қайтып, суық ағымдардың әсерінен қыркүйекке тән ауа райына ауысады. Демалыс күндері бұл облыстарда күндіз ауа температурасы +33…+39°С дейін көтерілген еді.

"Арктикалық суық ағымдардың өтуімен республиканың орталығы мен шығысында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, түнде -3°С дейін үсік жүреді",- деп хабарлайды Қазгидромет.

Ал батыс және солтүстік облыстарда жауын жауады, ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш тәулікте мұнда жауын-шашын сақталады, ал түнде және күндіз тұман түсіп, үсік жүреді деп болжануда.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 24 қыркүйекте күн ашық, күндіз ауа температурасы +12°C, түнде +13°C жылы болады.
  • 25 қыркүйекте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағанасы +14°C, түнде +4°C көрсетеді.

  • 26 қыркүйекте күн бұлтты, күндіз ауа температурасы +11°C, түнде +4°C.

Алматы

  • 24 қыркүйекте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +22°C, түнде +15°C жылы.
  • 25 қыркүйекте күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы +26°C, түнде +16°C көрсетеді.
  • 26 қыркүйекте күн бұлтты, ауа температурасы күндіз +26°C, түнде +20°C шамасында.

Шымкент

  • 24 қыркүйекте күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Сынап бағанасы күндіз +24°C, түнде +13°C көрсетеді.
  • 25 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +28°C ыстық болса, түнде +15°C.
  • 26 қыркүйекте де күн ашық, ауа температурасы күндіз +28°C дейін көтеріледі, түнде +18°C жылы болады.

 

Соңғы жаңалықтар