"Ызасын келтіріп қайтеміз": Роза Рымбаева келінінің қалың малы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ызасын келтіріп қайтеміз": Роза Рымбаева келінінің қалың малы туралы айтты

"Ызасын келтіріп қайтеміз": Роза Рымбаева келінінің қалың малы туралы айтты

Халық әртісі Роза Рымбаева алғаш рет келіні жайлы журналисттерге сұхбат берді.

  • 21 Қазан 2020
  • 47280
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында ғана үлкен ұлына келін түсірген Роза Қуанышқызы алғаш рет халыққа келіні туралы айтып берді.

"Өте керемет қыз өзіміздің өнер адамы қобызшы — Ақерке Бүркітбай. Енді бір саланың адамдарымыз ғой. Қазір бірге бір шаңырақтың астында тұрамыз, күнде келіннің қолынан шәй ішіп жүрмін. Балалар осыдан екі жыл бұрын танысқан екен, өз шешімдерін осы көктемде айтты. Ешқандай той жасаған жоқпын. Тек құдалық болды жиырма адамға. Бұйыртса үлкен тойға да жетерміз."- дейді.

— Жұлдызды келіннің қалың малы да қымбат болған шығар, ана сүті, әке күші, қалыңдықтың кәдесі қанша болды?

— "Енді оны айтып халықтың ызасын келтіріп қайтеміз.Ол өз арамызда, өзіміздің келісімімізбен болған нәрсе. Айтпай-ақ қойған дұрыс." —дейді халық әртісі Роза Қуанышқызы