Задорнов қатты ауырып, кейбір концерттерін кейінге қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Задорнов қатты ауырып, кейбір концерттерін кейінге қалдырды

Задорнов қатты ауырып, кейбір концерттерін кейінге қалдырды

Әйгілі ресейлік сықақшы Михаил Задорнов қатты ауырып, кейбір концерттерін кейінге қалдырды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы жағдай жайында кеңірек жазған.

  • 6 Қазан 2016
  • 605
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

«Ең алдымен Мәскеуден алыс аймақтардағы концертімді кейінге қалдырдым. Өйткені ағзамда жаман ауру бар екені анықталды. Соны шұғыл емдетуім керек» дейді Задорнов өз жазбасында. Бірақ ол журналистер әр нәрсені жазып, мазасын алмауы үшін дертінің нақты неден екенін айтпай отыр. Ал сықақшының Мәскеудегі және оған жақын қалалардағы концерттері белгіленген уақытында өтеді.

Задорнов өз сценариі бойынша түсірілетін жаңа фильмнің көркемдік жетекшісі болуы керек еді. Алайда ауырып қалғанына байланысты ол жұмысынан да кетеді екен. «АҚШ президентінің рөлін ойнауға әлім жететініне сенімдімін. Бірақ бүкіл жобаны қадағалай алмаймын» дейді әртіс.

НТВ телеарнасындағы «Салтыков-Щедрин шоу» бағдарламасынан да кететінін мәлімдеген Задорнов журналистердің оған телефон шалып, іздегенінен түк шықпайтынын айтқан. Өйткені ол Прибалтиканың ең мықты клиникаларының бірінде емделеді екен. «Бұл клиникадағылардың мен туралы нақты бір мәлімет айтуы неғайбыл. Өйткені Еуроодақтың өтірік демократиясы мен толеранттығына қарсы шығып жүрген адамды сол аймақта емдеу өте қауіпті. Сондықтан мені жасырын емдейді. Сондай-ақ, туыстарыма да хабарласып әуре болмаңыздар. Оларға да жарытып ештеңе айтқан жоқпын» дейді сықақшы.


Айта кетейік, Михаил Задорнов қазір 68 жаста.

Соңғы жаңалықтар