Жарияланды: 360

Зағиптерге арналған Құран барлық елдерге таратылмақ

Сауд Арабиясындағы қайырымдылық қорлардың бірі зағип жандар үшін Брайль қарпімен басылған Құранды өз елінде және дүниежүзінде таратуды жоспарлап отыр.

ҚМДБ мәліметіне қарағанда бұл жайында Gulf News ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Жуық арада Ibstar қоғамы Меккеде зағиптерге Құран тарата бастайды. Аталмыш ұйым Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінде де Құран тарату орталығын ашуды көздеп отыр. Олар мешіт әкімшілігінің келісімін де алып қойған екен. Ұйым басшысы Тауфик Булу (Tawfiq Bulu) хабарлағандай, қазіргі уақытта Ibstar қоғамында Брайль қарпімен оқи алатын жанарынан айрылған - 507 адам, ал "брайльдан" бейхабар 667 адам тіркеуде тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін