"Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды?" Ринат Зайытов билікке қатаң талап қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды?" Ринат Зайытов  билікке қатаң талап қойды

"Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды?" Ринат Зайытов билікке қатаң талап қойды

Белгілі ақын Ринат Заитов қаңтар оқиғасы кезінде өзі туралы Назым есімді қызды тергеген полиция қызметкерін көрсетті. Айтуынша, Назымды полиция көшеден ұстап алып, қылқындырып бөлімге сүйреген. Енді ақын қаңтар оқиғасында осы сынды әрекеттерге барған полиция қызметкерлерін жұмыстан шығарып, жауапқа тартуын талап етіп отыр.

  • 9 Қаңтар 2023
  • 822
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Есімі Алмат Ырғалиев екен. Қазақтың қаршадай қызын жазықсыз, заңсыз көшеден ұстап алып, қылқындырып бөлімге сүйреген "ПАЛУАН". Назым қарындасымызды кабинетіне кіргізіп алып,( жанында тағы біреу бар) тергеген кезінде мен жайлы да сұрақтар қойыпты. Білгісі келгенін ертең бетіме айтсын. Ертең бұйырса сағат 13:00 Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне Назымды және бір топ тәуелсіз журналисттерді ертіп барамын. Сұраймын. Ол кісі баласына Қазақ қыздарының сұрауы жоқ деп айтқан кім? Қандай заңға сүйеніп қорғансыз қызға күш көрсетті? Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды? Осынша қорлыққа үндемей отыратын мал емеспіз!!!", — дейді ол.

Сондай-ақ, президенттің уәде еткен өзгерістері расымен басталса, пагонын пайдаланып, ойына келгенін істейтін полицейлерді жұмыстан шығарып, жауапқа тартуын талап ететінін жеткізген.


"Біз — қойдай момын халық болғанмен қыздарының ары мен ұлдарының намысын кірпік қақпай күзеткен қазақпыз. Жетер. 30 жыл көніп болғанбыз", — деп сөзін түйіндеген.

 

Соңғы жаңалықтар