Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерге қойылатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерге қойылатыны белгілі болды

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерге қойылатыны белгілі болды

Алматы облысы Кеген ауданында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті.

  • 26 Қаңтар
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  «Адырна»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемаларының орналасуы туралы сөз қозғалды.

«Көпшіліктің пікірін ескерілді. Кеген ауылында жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отыр»,—деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 15 қаңтарда Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас беріліп, Құран бағышталған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асқа орай хат жолдап, қоғам қайраткеріне ескерткіш орнату қажет екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар