Замира студиядағы жігіттің басынан бір тепті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Замира студиядағы жігіттің басынан бір тепті

Замира студиядағы жігіттің басынан бір тепті

Атышулы тележұлдыз Замира Сұлтан студияда отырған жігіттің басынан бір тепті.

  • 27 Сәуiр 2018
  • 98
Фото - Caravan.kz

Осынау сәт түсірілген видео Instagram-парақшасындағы түрлі топтарда тарап жатыр.

Видеоның қандай бағдарлама кезінде түсірілгені белгісіз. Замира оң жағында отырған жігітпен жанжалдасып, басынан бір тебеді. Ол аз болғандай келіншек ер азаматтың бетінен бірнеше рет салып қалады.

Желі қолданушылары Замираның бұл әрекетіне ашуланып, оны телеарнадан алыстатуды сұрап отыр. Ал кейбірі оқиғанын әдейі рейтинг үшін ұйымдастырылғанын айтады.

Айта кетейік, Замира Сұлтан осыдан 2 апта бұрын эфирде былапыт сөздерді көп айтқаны үшін «Қалаулым» бағдарламасынан шеттетілген еді.

 

Соңғы жаңалықтар