"Зәм-зәм ішеміз деп Меккеге барып, енді бұттарына с***іп отыр" - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зәм-зәм ішеміз деп Меккеге барып, енді бұттарына с***іп отыр" - Ахметбек Нұрсила

"Зәм-зәм ішеміз деп Меккеге барып, енді бұттарына с***іп отыр" - Ахметбек Нұрсила

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила үлкен қажылыққа барамыз деп алданып қалған қазақстандықтар туралы өз ойын айтты.

  • 29 Маусым 2023
  • 12522
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Зәм-зәм ішеміз деп Меккеге барып, енді бұттарына с***іп отыр", — деп жазды кәсіпкер.

Естеріңізге сала кетейік, "Зәмзәм" компаниясының көмегімен қажылыққа барған бір топ қазақстандық визалық режиді бұзды деп айыпталып, абақтыға қамалған болатын.

Бұған байланысты ҚМДБ да ресми жауап берген болатын.

"Қолдан жасалған қажылық визаларын пайдаланған компания өкілдері шариғат пен заңға қайшы әрекеттерінен әлі күнге дейін тыйылмай келеді. Қазақстан азаматтарын заңсыз жолмен қажылыққа әкелген «Zam-Zam Qazaqstan» компаниясының жетекшісі Данияр Илиев заң алдында жауап беру тиіс деп санаймыз. Олар шариғат пен заңды белден басумен қатар «мүфтият қажылық квотасын сатады, пара алады» деп жала жабуын доғармай, енді ҚМДБ «жалған қажылық квоталарын» жасады деп шындыққа жанаспайтын ақпарат таратуда", — деп ҚМДБ ресми түрде жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар