Жарияланды: 120

Заңғар Нұртас енді топ құрамында өнер көрсетеді

Заңғар Нұртас енді топ құрамында өнер көрсетеді

Ол  әуелі өзінің туған ағасы Қайрат Нұртаспен бірге көпшілікке танымал "My Universe" әнін орындап көрді. Алғаш рет спорттан өнерге бет бұрған Заңғар Нұртасқа сахна ұнап қалған сыңайлы. Енді ол тіпті топ құрамында өнер көрсетуге әзірленіп жатқан көрінеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы дастархан үстіндегі видеомен бөлісті. Қарындасының ең жақсы көретін әнін ағасы Заңғар тосын сый жасап, түрлі аспаптармен орындап қуантты.

Ол өзінің әлеуметтің желідегі жеке парақшасында:

"Өзіңіз ойлап көріңізші, таңғы шәй уақытынан бастап, күніге көріп жүрген ең сүйікті мультигіндегі әнді өз үйінде ойламаған жерден тосын сый ретінде көрсе, бала үшін таңғажайып көрініс қой я? Ақмөріміз бөлмеден шыққанда түкке түсінбей аң-таң күйде болды.Заңғар ағасының ұйымдастыруымен. Айтпақшы, Занғарым осы екі досымен “AIZaBI” группасы болып, жастардың жаңа стилінде өнер көрсетуге дайындық үстінде. KN шәкірттеріне ақ жол тілеп қойсаңыздар!" -деп жазба қалдырған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova) on

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін