Зейнетақы мен жәрдемақы өсті. Қазақстандықтарға қашаннан бастап төленеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы мен жәрдемақы өсті. Қазақстандықтарға қашаннан бастап төленеді?

Зейнетақы мен жәрдемақы өсті. Қазақстандықтарға қашаннан бастап төленеді?

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов индекстелген зейнетақы мен жәрдемақының қазақстандықтарға қашан берілетінін айтты.

  • 8 Сәуiр 2020
  • 173
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, мұның алдында Президент Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақының 10 пайызға дейін индекстелетінін айтқан еді.

Нарматовтың айтуынша, 2020 жылдың  1 сәуіріне дейін тағайындалған зейнетақы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға өседі.

"Алматыдағы 230 мың зейнеткер индекстелген зейнетақы алады. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 5 пайызға өсірілген еді. Енді олар тағы 5 пайызға өседі. Нәтижесінде бір жылда зейнетақы 10 пайызға өсті", — деді Нарматов.

Ол барлық зейнетақының сәуірде автомат түрде қайта есептелетінін айтты.


"Зейнеткерлерге мемлекеттік орталыққа зейнетақы алу үшін барудың қажеті жоқ, барлығы автомат түрде жүргізіледі. Көбейтілген зейнетақы мамырда беріледі, сондай-ақ, мамырда сәуірде қосылған зейнетақы беріледі", — деді Нарматов.

Соңғы жаңалықтар