Зейнетақы жинағын пайдалану: 16 мың қазақстандық ипотекалық қарызын толық өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жинағын пайдалану: 16 мың қазақстандық ипотекалық қарызын толық өтеді

Зейнетақы жинағын пайдалану: 16 мың қазақстандық ипотекалық қарызын толық өтеді

Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша зейнетақы жинағын пайдалану аясында 16 075 қарыз алушы бұған дейін банктерден тұрғын үйлері үшін алған жалпы сомасы 62 миллиард 41 миллион теңге ипотекалық қарызын толық өтеді.

  • 8 Маусым 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

47 133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 миллиард 53 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарының бір бөлігін өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлем жүйесін пайдаланды.

8 889 қарыз алушы банктерден жалпы сомасы 150 миллиард 361 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарын алу үшін алғашқы жарна ретінде біржолғы зейнетақы төлемі қаражатын пайдаланды.

Банктер бойынша ең көп қарыз алушы «Отбасы Банк» акционерлік қоғамында тіркелген. Олардың жалпы саны – 37 228. Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану арқылы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша берілген жаңа тұрғын үй ипотекалық қарыздарының мөлшері – 125 миллиард 29 миллион теңге.

«Сбербанк» АҚ ЕБ – қарыз алушылар саны бойынша екінші орында. Олардың жалпы саны – 11 483. Одан кейін «Қазақстанның Ұлттық Банкі» акционерлік қоғамынан – 9 488 және «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамынан – 8 432 адам қарыз алған. Аталған банктерден біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану арқылы жаңадан алынған тұрғын үй ипотекалық қарыздарының мөлшері – 23 миллиард 167 миллион теңге.


Соңғы жаңалықтар