Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 473.4
  • 539.39
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын

Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі негізгі туристік жобалардың жүзеге асырылу барысымен, туристік инфрақұрылымның дамуымен және жазғы туристік маусымның өтуімен танысты

  • 28 Шiлде
  • 2
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс сапары аясында Қонаев қаласындағы «Солтүстік жағалау» жағажайы, сондай-ақ №5, №6 және №7 қалалық жағажайлар араланды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құтқару қызметтерінің жұмысы, аумақтардың санитарлық жағдайы, абаттандыру деңгейі және туристерді қабылдауға арналған инфрақұрылым нысандарының дайындығына ерекше назар аударылды.

Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Сапар бағдарламасындағы маңызды нысандардың бірі – Көшпенділер қалашығы болды. Мұнда туристер үшін қолайлы жағдай жасауға және көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту жобалары таныстырылды.

Сонымен қатар, вице-министр өңірдегі ең ірі заманауи орналастыру орындарының біріне айналатын Marriott қонақүйінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі спорттық, мәдени және іскерлік іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды ASP Arena кешенін аралады.

Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туристік жобалардың іске асырылу барысы, туристік инфрақұрылымның дамуы және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған алдағы жоспарлар туралы Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов пен Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы баяндады.

Жұмыс сапарының қорытындысында Мирас Төлебаев туризмді тұрақты дамыту үшін инфрақұрылымды кешенді түрде жетілдіру мен туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың маңызын атап өтті.

Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

-Алматы облысы бүгінде еліміздегі туризмі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Ірі инвестициялық жобалармен қатар жағажайларды абаттандыру, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру, сервистің сапасы мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қатар жүруі қажет. Осындай кешенді тәсіл ғана бәсекеге қабілетті туристік өнім қалыптастырып, өңірдің қазақстандық және шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыра алады, – деді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Алматы облысы туризмнің жаңа орталығына айналуға жақын
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Алматы облысында туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Өңірде жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, заманауи орналастыру орындары салынып, қоғамдық кеңістіктер жаңартылып келеді. Бұл бастамалар демалыс сапасын жақсартуға, туристер ағынын көбейтуге және Алматы облысының Қазақстандағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.