Зейнетақы жинақтаудағы өсім қарқыны төмендеуде – статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жинақтаудағы өсім қарқыны төмендеуде – статистика

Зейнетақы жинақтаудағы өсім қарқыны төмендеуде – статистика

Инвестициялық кірістегі қазақстандықтардың зейнетақы ақшасының көлемі екі жыл қатарынан азайып келеді.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ranking.kz басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, БЖЗҚ-ға осы жылдың 10 айында 1,1 триллион теңге түсті. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 19,5 пайызға (181,4 миллиард теңге) жоғары. Түсімнің негізгі бөлігі, атап айтқанда 97 пайыздан аса міндетті жарнадан және инвестициялық кіріс есебінен түсті.

2017 жылдың қаңтар-қазан айларында инвестициялық кіріс 497,3 миллиард теңге болды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,4 пайызға (12,1 миллиард теңге) төмен. 10 ай ішіндегі міндетті жарна 584,8 миллиард теңгені құрап, бір жылда 48,7 пайыз (191,5 миллиард теңге) өсті.

Зейнетақы қорына басқа да түсімдердің көлемі 3 пайызға жетпейді. Сонда зейнетақы түсімінің барлық дерлік көлемі міндетті-кәсіби жарнадан – 29,3 миллиард теңгемен толып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайыз (2,6 миллиард теңге) жоғары. Одан кейін зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін пенялар мен айыппұлдардың түсімі – 1,2 миллиард теңгені құрап, жыл ішінде 24,7 пайыз (244,9 миллион теңге) өсті. Ал өз еркімен зейнетақы жарнасын салу 56,4 пайызға (131,6 миллион теңге) ұлғайып, 364,9 миллион теңгеге жетті. Басқа түсімдер жыл ішінде 91,1 пайызға (949,9 миллион теңге), 92,4 миллион теңгеге дейін қысқарды.

Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13,4 пайызға (896,6 миллиард теңге) ұлғайып, қазанның аяғында 7,6 триллион теңге болды. Соңғы айда жинақ 0,6 пайызға (43,3 миллиард теңге) өсті. Осы жылдың тамыз айында зейнетақы жинақтаудың ең жоғары көрсеткіші – 2,1 пайыз (153,3 миллиард теңге) тіркелді.


Соңғы жаңалықтар