"Зейнеткер қатты қорқып кеткен": Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зейнеткер қатты қорқып кеткен": Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты

"Зейнеткер қатты қорқып кеткен": Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты

Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алып, анасын үйінен қуып шыққан ер адам қамауға алынды.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кеше кешкі сағат 23:00-де қарт әйел полицияға қоңырау шалып, жұмыстан кейін ересек ұлы мас болып келіп, қорлағанын, содан кейін оны пәтерден қуып шыққанын хабарлаған.
"Мас баласы ұйықтап қалып, зейнеткер әйел үйіне кіре алмаған. Қараңғы кіреберісте жалғыз қалған әйел қорқып кеткен. Пәтерге келген полиция әжеміздің көзіне жас алып, халат пен тәпішкеде тұрғанын көрді. Полицейлер 15 минут бойы есікті қатты қағып, ер адамды оятты", — деді департамент қызметкерлері.

Қарт әйелдің ұлына қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, оған сәйкес ер адам бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.


"Полицейлермен сөйлескен ер адам қарт анасынан кешірім сұрады және алдағы уақытта бұндай әрекет жасамауға уәде берді, — дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 3800-ден астам жағдайды тіркеген.

Соңғы жаңалықтар