Зейнеткерге әлімжеттік жасаған Теміртау аудандық полиция бөлімшесі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнеткерге әлімжеттік жасаған Теміртау аудандық полиция бөлімшесі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Зейнеткерге әлімжеттік жасаған Теміртау аудандық полиция бөлімшесі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы Теміртау полициясының Солтүстік бөлімшесі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық іс Теміртау қаласында тұратын зейнеткердің арызы негізінде қозғалды. Жәбірленуші полицейдің әрекетінен денесі зақымданғанын айтады. Қазір бұл мәлімет тексеріліп жатыр», — деп хабарлайды ІІД ақпарат басқармасы жетекшісі Жаңатай Сембеков.

68 жастағы жәбірленушінің айтуынша, полицей оны азық-түлік дүкенінің алдындағы ұрыс-керіс кезінде итеріп жіберген. Салдарынан зейнеткердің миы шайқалған көрінеді.