Зейнеткерлер, мұғалім, дәрігерлер мен студенттер 2-3 мың теңгеге байып шыға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнеткерлер, мұғалім, дәрігерлер мен студенттер  2-3 мың теңгеге байып  шыға келді

Зейнеткерлер, мұғалім, дәрігерлер мен студенттер 2-3 мың теңгеге байып шыға келді

5 күннен кейін қариялар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар, мұғалімдер, дәрігерлер мен студенттердің қалтасы қампаяды! Себебі елімізде 1-ші сәуірден бастап барлық әлеуметтік төлемдер 12 пайызға өспек. 2 ай бойы қызу талқыланған заңды бүгін Сенат бірауыздан бекітіп берді.

  • 28 Наурыз 2014
  • 519
Фото - Caravan.kz


Тамара Дүйсенова,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Осылайша, зейнетақы, әлеуметтік төлемақыны арттыруға қосымша 116,9 млрд теңге көзделді. Заң жобасы Мәжілісте және жұмыс тобында талқыланып, мақұлданды. Қолдауларыңызды сұраймын.

Сенатқа келіп сызылған Еңбек министрінің сөзін депутаттар жерде қалдырған жоқ. 4 миллионға жуық адамның қалтасын қампайтатын құжатты ың-шыңсыз қабылдап жіберді. Ал заң жобасын талқылау кезінде, халық қалаулылары әлеуметтік төлемдерді 50 пайызға көтеруді сұраған. Алайда, министрлік онсызда бюджеттен қосымша 116 миллиард бөлінді, оған «шамамыз жетпейді» деп шорт кесті. Бір қызығы аз қамтылған топтың «кірісі көбейтілді» дегенімен ол бар болғаны 2-3 мың теңгеге өсіп отыр. Зейнетақы да еңбек өтіліне қарай  осыншама сомаға көтерілген. Тек Кеңес Одағының батыры деген атағы бар елімізде қалған 5 соғыс ардагерінің зейнетақысы 229 мыңнан 256 мыңға дейін өскен.