Зейнеткерлерді тегін тасуды тоқтатқан Семей әкімдігін прокурорлар тексеріп жатыр
Семейде зейнеткерлер мен көп балалы аналар қоғамдық көліктерде қарастырылған 50 пайыз жеңілдіктерінен қағылды. |
Бүгінге дейін осы әлеуметтік топқа жататындар автобустарда 30 теңге төлеп келген. Ал осыған дейін екі ірі автопарк қожайындары ешкіммен келіспей-ақ жолақыны 15 теңгеге қымбаттатқан болатын. Бұл іске қатысты жедел тексеріс жүргізген прокуратура заңсыздықты анықтады. Сондықтан 75 теңгеге көтерілген соманы 60-қа қайта түсірген. Бірақ енді жұрт жеңілдіктен қағылып отыр. Ал құзырлы орган жолақының негізсіз көтерілуіне жол беріп, жеңілдікті алып тастаған әкімдікті тексеріп жатыр.
Тәжиден Найманов, Семей қаласының прокуроры:
-Бүгінгі кезде бұл тарифті уақытымен қарамаған әкімшілікке де тексеріс жүргізіп жатырмыз. Егер, ондағы лауазымды тұлғалардың заң бұзғаны анықталса, ол кісілерді жауапқа тартамыз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін