Зерттеу аясында 6-11 жастағы балалар коронавирусқа қарсы егіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зерттеу аясында 6-11 жастағы балалар коронавирусқа қарсы егіледі

Зерттеу аясында 6-11 жастағы балалар коронавирусқа қарсы егіледі

Зерттеулер аясында 6-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіледі.

  • 1 Маусым 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ресейде зерттеулер аясында 6-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіледі.

 «Коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық зерттеу үшін 6-7 маусымда стационарға балалар ата-аналарымен бірге ерікті түрде жатқызылады. Бұл үш күнге созылады. Демек, 9-10 маусымда вакцина салу жоспарланған», — деді ол.

РФ Денсаулық сақтау министрлігі 24 қаңтарда 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Гамалея атындағы орталық әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізуді мақұлдады. Александр Гинцбург зерттеу үш жарым айға созылуы мүмкін екенін атап өтті.