Жағдай нашар: Алматы әкімдігі коронавирус өршіді деп дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағдай нашар: Алматы әкімдігі коронавирус өршіді деп дабыл қақты

Жағдай нашар: Алматы әкімдігі коронавирус өршіді деп дабыл қақты

Алматы қаласының әкімдігі коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы айтты. Қалада карантиндік шаралардың сақталуы қатаң бақыланатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 10 Наурыз 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров инфекция жұқтырғандардың көбеюіне байланысты аудан әкімдіктерінің басшылығына бақылау топтарының санын көбейтуді тапсырды.

"Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша инфекцияның репрезентативтілік коэффициенті бірден асып, аурушаңдық деңгейі соңғы 7 күнде халықтың 100 мыңына шаққанда 47,5 адамды құрады. Жаңа жағдайлардың 23 пайызы сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде, 22 пайызы қоғамдық көліктерде орын алады", — деп хабарлады әкімдік.

Алматыда әуежайда санитарлық нормалардың сақталуын бақылауға ерекше назар аударылатын болады. 6 наурызда халықаралық рейстермен келген 517 адамда ПТР сертификаты болмаған. 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні 200-ден астам жолаушы сертификатсыз келді.

Сондай-ақ, кафелер мен мейрамханаларда санитарлық нормалардың бұзылуы анықталады.


"Жалпы алғанда, 1 наурыздан бастап мониторингтік топтар 800-ге жуық нысанды тексерді, оның 67-сінде карантиндік талаптарды бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушылық фактісі бойынша заңды және жеке тұлғаларға 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды", — дейді ол.