Жайдарманшы Мереке Қалбаева: “Аллаға мың да бір шүкір. Үйлі болу керемет сезім. Рақмет Дәулеттен” - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жайдарманшы Мереке Қалбаева: “Аллаға мың да бір шүкір. Үйлі болу керемет сезім. Рақмет Дәулеттен”

Жайдарманшы Мереке Қалбаева: “Аллаға мың да бір шүкір. Үйлі болу керемет сезім. Рақмет Дәулеттен”

Осыдан бірнеше апта бұрын Жайдарман ойындарының актрисасы Мереке Қалбаеваның желіде жылап отырып халықтан көмек сұраған видеосы тараған болатын. 
Екі баласы аутизммен ауыратын Айгерім есімді анаға қол ұшын созып үйлі болуына атсалысқан актриса, бұл жолы қуанышты жаңалағымен бөлісті.

  • 21 Ақпан 2022
  • 7524
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Белгілі блогер, журналист Дәулет Мұқаев өзінің парақшасында отандасымыз Жетісайлық Әйгерім Үсенованың жағдайын халыққа жариялап үйлі болуына атсалысуға шақырған еді. 
Дәулеттің "Дәулетті армиясымен" бірге халық болып, ел болып әр бір қазақ бауырларының үйлі болуына көмектесті. 
10 күннің ішінде Айгерім екі баласымен Шымкент қаласындағы Ынтымақ ауданынан үй алып, қоныс той жасап орналастырды.

Дәулет Мұқаев: "Айгерімнің несібесі өте мол екен. Өзі жер үй болса екен, ұлдарымды шаруашылыққа баулитын едім деп армандаған еді, міне дәл өзі қалағандай жер үй бұйырыпты. Алла қаласа екі перзенті де жазылып кететін болады Ин Ша Аллах"

Мереке Қалбаева: "
Аллаға шүкір. Әйгерімнің үйлі болғанына қатты қуаныштымын. Осыдан он күн бұрын осы оқиғаны есітіп ұйықтай алмай қалған болатынмын. Екі баласына одан қалса өзіне көмек керек әлі де. Психологтармен жұмыс жасап, бұйырса, бәрі жақсы болады деген үміттемін. Бәрі Алланың құдіреті ғой. Үйлі болу керемет сезім, іші жақсылыққа толсын. Екі баланы жолда қалдырмай үйлі болуына себепші болған Дәулет мырзаға үлкен рахмет, Әр қазағым жалғызым. Балалар ауырмасын, аналар жыламасын.", — деді өнер иесі.

https://www.instagram.com/tv/CZygDIwlR5pEFWGnzEYBB2ZLwEYVDymSK6Ec-40/?utm_medium=copy_link

Соңғы жаңалықтар