Жарияланды: 40

Жайық өзенінде балықтар жаппай қырылып жатыр

Жайық өзенінде балықтар жаппай қырылып жатыр

Оралда тонналаған өлі балық өзен жағалауынан жинап алынды. Қазіргі уақытта полиция бұл жағдайға кінәлілерді іздестіруде.

Сонымен қатар өңірдегі барлық кәсіпорын жаппай тексерілетін болады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz

Таяуда ғана шенеуніктер судың таза әрі тұрғындар үшін қауіпсіз екенін айтқанымен, арнайы комиссия суға зиянды заттардың төгілген-төгілмегенін анықтайтын болады. Еліміздегі ең ірі өзендердің біріндегі балықтардың неліктен жаппай қырылып жатқаны әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.

Төтенше жағдай туралы хабарлама желтоқсан айының басында тарай бастаған еді. Бірінші болып балықшылар дабыл қақты. Олар мұз астынан және жағалаудан қаптаған өлі балықты көріпті.

Атырау облыстық ауыл шаруашылық және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілі Ақмарал Каукенованың сөзінше, бүгінде өзен өлі балықтардан тазартылуда. Қазіргі уақытта жиналған өлі балықтың көлемі шамамен бір тоннаны құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін