Жайық өзенінің жағалауынан 23 тонна қоқыс шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жайық өзенінің жағалауынан 23 тонна қоқыс шығарылды

Жайық өзенінің жағалауынан 23 тонна қоқыс шығарылды

Жайық өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары әлі де жалғасуда.

  • 1 Маусым 2016
  • 407
Фото - Caravan.kz

Көктемгі маусымдағы тазалық акциясы аяқталғанымен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының қызметкерлері мен өзен бойына қоныс тепкен ауылдық елді мекендердің тұрғындары жаз бойы тазалық жұмыстарын жүргізе бермек. Өйткені өзен жағалауына демалысқа келетіндер тұрмыстық қалдықтарды кез-келген жерге қалдырып кетуге дағдыланып алған. Заңсыз балық аулаушылар да ескі ауларды жағалауға тастап, жүре береді. Енді инспекторлар оларды күні-түні бақылауға алып, тәртіпке шақыратын болады. Жүгенсіздерді құрықтауға  жергілікті тұрғындар да көмекке келмек.

"Аудандық әкімшілік бар, жергілікті колледжің студенттері бар, солармен бірге көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Осы Жайық бойында бір айдан бері барлық ауылдық мекемелер де, ауылдық округтарда мына органдардың барлығын біріктіріп, осындай шаралар өтіп, 23 тоннадай қалдықтар шығарылды"-дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аудандық инспекциясының басшысы Өтеген Нұрғалиев


Соңғы жаңалықтар