Соңғы кездері әлеуметтік желіде қазақ жігіттерінің ерсі қылықтары түсірілген видеолар көптеп жария бола бастады. Ал жуырда Instagramдағы парақшалардың бірінде жұрттың ашу-ызасын келтірген тағы бір бейнекөрініс тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бұл жолы жалаңаш кеудесіне әйел адамның төстартқышын тағып отырған жігіттің видеосы желіні шарлап кетті. Көпшілік кейінгі кездері ерлердің осындай сорақы көрністерге баруын қатты сынады.