Жалақылары үш ай төленбеген: Астанада 50 құрылысшы ақысын ала алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақылары үш ай төленбеген: Астанада 50 құрылысшы ақысын ала алмады

Жалақылары үш ай төленбеген: Астанада 50 құрылысшы ақысын ала алмады


Астанада құрылыс компаниясында жұмыс істеген 50 қызметкердің бірнеше айдан бері айлықтары төленбеген, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.

  • 9 Желтоқсан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

KAZPROMVENT компаниясы еліміздің әр өңірінен жиналған жұмысшыларға 3 айдан бері жалақы төлемеген. Компания берешегі 12 млн теңге болды. Компания YDA компаниясының ақша аудармағанын айтып, оларды кінәлады. Алайда YDA Group компаниясы қосалқы мердігері KAZPROMVENT-тің алдында барлық төлемдерін өтеген. Тек ол қаражатты жұмысшыларға жауаптылар бермей, қалталарына басқан.

YDA компаниясы айлықсыз қалған 50 азаматтың жалақысын өз есебінен толық өтеп бергенін мәлімдеді.

YDA Түркістан мен Ақтау қалаларындағы әуежайлар мен Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесінің инфрақұрылымдық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Алматыдағы қаржы орталығы мен стратегиялық нысандардың құрылысы да осы компанияға тиесілі.

“Жалақыларының кешіктірілуіне байланысты шағымданған жұмысшылар мен YDA Group компаниясының арасында ешқандай еңбек немесе азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жоқ”, – деді YDA GROUP компаниясының директоры Танер Атаери.


Соңғы жаңалықтар