Жалақым 1 млн: Мәжіліс төрағасының орынбасары жұмыстарының ауыр екенін айтып, мұңын шақты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақым 1 млн: Мәжіліс төрағасының орынбасары жұмыстарының ауыр екенін айтып, мұңын шақты

Жалақым 1 млн: Мәжіліс төрағасының орынбасары жұмыстарының ауыр екенін айтып, мұңын шақты

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың айтуынша, халық қалаулыларының жұмысы ауыр екен.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы qasym.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Депутат Владимир Божко сенатор Бірғаным Әйтімованың мәлімдесіне орай өзінің пікірін білдірді. Естеріңізде болса, сенат депутаты күні кеше ғана жалақыны гараж қызметкерімен тең аламын деп, айды аспанға бір-ақ шығарған еді.

Халық қалаулысының сөзінше, мәжілісмендер түрлі саяси сауалдарға жауап беріп, көптеген ақпаратты игере алуы керек .

«Халықтың көңілінен шығып, олардың мүддесін қорғау – оңай шаруа емес. Жалпы адамдармен жұмыс істеу өте қиын, міне осымен үш жылдан асты осында жұмыс істеп жатқаныма», — дейді депутат.


Сонымен бірге, ол халық қалаулыларының жалақысына қатысты ойын да ортаға салды. Айтуынша, олардың дені 1 миллионға жетпейтін жалақы алатын көрінеді. Мәжіліс төрағасының орынбасары өзінің де шамамен 1 миллиондай еңбекақы алатынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар