Жарияланды: 410

Жалған дипломмен жұмыс жасаған ақтөбелік сотқа тартылды

Жалған дипломмен жұмыс жасаған ақтөбелік сотқа тартылды

Ақтөбе облысы Ырғыз  аудандық  сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабаның  3-бөлігімен  (көрінеу жалған құжатты пайдалану) айыпталған Н. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыптау қорытындысына сай,  сотталушы Н. 2009 жылғы қаңтар айында Ақтөбе қаласында тергеумен анықталмаған К.  есімді танысынан Алматы қаласындағы университеті «психолог» мамандығын алғандығы туралы дипломын сатып алған. Дипломның жалған екендігін  біле тұра,  оны Ырғыз ауданы, Қарасай ауылындағы «Қарасай негізгі мектебі» ММ-не тапсырып, «психолог» маманы ретінде жұмысқа орналасқан.

Сот мәжілісінде сотталушы Н. өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза беруді сұраған.

Сот сотталушының  өкінуін, бұрын сотталмағандығын ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 59 460 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін