Жалған полицейлер қостанайлық зейнеткерлерді алдап, ақша алып отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалған полицейлер қостанайлық зейнеткерлерді алдап, ақша алып отырған

Жалған полицейлер қостанайлық зейнеткерлерді алдап, ақша алып отырған

Қостанайда жыл басынан бері 5 алаяқ өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, елден ақша бопсалап келген.

  • 16 Ақпан 2018
  • 314
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысында өздерін полицей ретінде таныстырып, ақша талап етіп жүрген алаяқтар көбейді,деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда жыл басынан бері 5 алаяқ өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, елден ақша бопсалап келген. Жалған полицейлер 70-90 жас аралығындағы зейнеткерлерді құрығына түсірген.

«Олар зейнеткерлерге хабарласып, немерелерінің жаяу жүргіншілерді қағып кеткенін жеткізген. Осылайша, немерелерін полициядан алып кету үшін ақша талап еткен. Егде жастағы кісілердің барлығы ақпаратты тексеру үшін туыс-туғандарына хабарламаған. 4 жағдайда зейнеткерлер 100 мың теңгеге дейін ақша берген. Олар жалған тәртіп сақшыларына беретін ақшаны үйлерінің алдындағы пошта жәшіктері мен подъездерге қалдырып отырған», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, бір зейнеткер алаяқтың «Киви әмиянын» 40 000 теңгемен толтырған.


Осыған байланысты тәртіп сақшылары бөгде адамдардан сақ болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар