"Жалғыз ойым құтқару болды": 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жалғыз ойым құтқару болды": 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

"Жалғыз ойым құтқару болды": 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді.

  • 11 Мамыр 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды."Мен Қызылордадан жұмыс істеуге келгенмін. Құрылысшы болып, әртүрлі жұмыс істеймін. Балаларымды бағуым керек. Төрт ұл, үш қызым бар. Балалар Қызылордада тұрады. Үй жалдап, осында жұмыс істеймін", — деді Сәбит Шонтақбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ер адам жұмысқа асығып бара жатып, шығар алдында сегізінші қабатта терезеден асылып тұрған қызды көргенін айтты.

"Мен терезеден ұстанып, асылып тұрған баланы көрдім. Жалғыз ой оны құтқару болды. Сол сәтте өзімді ойлай да алмадым", — деді ол.

Ер адам ептілігі мен дене бітімі әскери карьерасына байланысты екенін түсіндірді. Бұған дейін Сәбит Шонтақбаев шекарашы болып жұмыс істеген.


"Әйелім видеоны көріпті, жарайсың деді. Қыздың ата-анасын көрмедім. Жұмысқа асығып бара жатқанмын, оны құтқарып, жетінші қабаттағы көршісіне тапсырдым. Сосын жұмысқа кеттім", — деп қосты ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар