Жамбыл облысы «Алматы - Ташкент» жолында болған ЖКО-дан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы «Алматы - Ташкент» жолында болған ЖКО-дан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

Жамбыл облысы «Алматы - Ташкент» жолында болған ЖКО-дан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

Жамбыл облысы «Алматы - Ташкент» тасжолында болған ЖКО-дан үш адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлады аймақтың Төтенше жағдай департментінің баспасөз қызметінде.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

«1 қыркүйек күні, сағат 23:50-де, Қордай ауданында республикалық маңызы бар «Алматы — Ташкент» автокөлік жолының 157 шақырымында «МерседесБенц-320» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Ауди-100» автокөлігіне қарсы келіп қалып, қақтығысады, — делінген мекеменің баспасөз хабарламасында. — ЖКО салдарынан екі жүргізуші де, «Ауди-100» көлігінде отырған 48 жастағы әйел алынған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды».

«МерседесБенц-320» автокөлігінің жолаушысы (24 жастағы Алматы облысының тұрғыны) және «Ауди-100» автокөлігінің үш жолаушысы (27, 22 және 8 жастағы) әр түрлі жарақаттарымен Қордай ауданы Отырар ауылы Гвардейск қала типтес кентінің медициналық санитарлық батальонына жатқызылды.


Жүргізушілердің екеуі де, «Ауди-100» автокөлігінің жолаушыларының барлығы да Жамбыл облысының тұрғындары, деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметі.