Жамбыл облысында 19 жастағы тұрғын қару-жарақ жасырған (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 19 жастағы тұрғын қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)

Жамбыл облысында 19 жастағы тұрғын қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)

Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны автомат, газ тапаншалар мен оқ-дәрілерді жасырған.

  • 14 Ақпан 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтады.

"Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру кезінде пакеттерден Калашников автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 оқ-дәрі және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 оқ-дәрі тәркіленді", — деді ІІМ өкілі.

Ұсталған адам кінәсін мойындады. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі "Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Видео осы сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=ALqek1WBcsk

 

Соңғы жаңалықтар