Жарияланды: 410

Жамбыл облысында 2003-жылдың бірінші жартысында мемлекеттік кіріске 1,506 млрд. теңгенің кедендік төлемдері мен салық жиналды

Жамбыл облыстық Кедендік басқармасы 2003-жылдың бірінші жартысында мемлекеттік кіріске 1,506 млрд. теңгенің кедендік және салық төлемдерін жинады. Бұл туралы облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Басқарма мәліметтеріне жүгінсек, 2003-жылдың бірінші жартысында облыстағы сыртқы сауда айналымы өткен жылғы 113,553 млн. доллармен салыстырғанда 140,517 млн. долларға дейін өсті. Есепті мерзімдегі импорт көлемі 93,624 млн. долларды құрады. Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында импорттық баж салығының көлемі 141,375 млн. теңгеге өсті. Облысқа негізінен шай, кофе, өсімдік майы, кокс, жиҺаз, автокөліктер, Амангелді газ кенішіне арналған құбырлар мен жабдықтар импортталуда. Кеденшілердің мәліметіне сүйенсек, экспорттық баж салығына қатысты болжам 96,2 процентке орындалды. Жоспардың орындалмауы Еуропалық Одақ елдеріне шығарылатын қара металл қалдықтарын экспорттау көлемінің ұлғаюына байланысты. Ал мұндай өнімдерге экспорттық баж салығы салынбайтыны мәлім. Соңғы жылдарда бюджет қоржынына түспей қалған экспорттық түсім мөлшері 166 млн. теңгені құрады. Соның ішінде биылғы жарты жылдықтағы мөлшер 8,869 млн. теңгеге жетті. Кедендік басқарманың мәліметіне сүйенсек, кедендік тәртіпті бұзуға байланысты 1558 әкімшілік іске орай 2,954 млн. теңгенің айыппұлы өндіріп алынды. Сондай-ақ, барлығы 18 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтсақ, экономикалық контрабанда дерегі бойынша 3, алым-салық төлеуден жалтаруға байланысты -3, заңсыз есірткі айналымына байланысты -1, тыйым салынған заттардың контрабандасына байланысты 10 іс қозғалған. ҚР валюта туралы заңының талаптарын бұзуға байланысты екі кәсіпорынға қатысты материалдар қаржы полициясының департаментіне өткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть