Жарияланды: 460

Жамбыл облысында автокөліктің отарбамен соқтығысуы салдарынан 3 адам мерт болды

Жамбыл облысында "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүк таситын отарбамен соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам әртүрлі дәрежелі жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Жол апаты Мәскеу-Алматы бағытындағы темір жолдың 429-шақырымындағы қорғалмайтын өткелегінде болды. "Жигули" жүргізушісі "Құмшағал-Түлкібас" бағытындағы отарбамен соқтығысып қалған. Апат салдарынан автокөлікте отырған үш жолаушы мерт болып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін