Жамбыл облысында бір отбасы жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында бір отбасы жол апатына ұшырады

Жамбыл облысында бір отбасы жол апатына ұшырады

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Тамыз 2017
  • 223
Фото - Caravan.kz

"28 тамызда сағат 17.30-да Алматы-Екатеринбург тасжолының 440-шақырымында Мың-Арал ауылының маңында  "Газель" маркалы көліктің 21 жастағы жүргізушісі (ОҚО тұрғыны) көлік тізгінін басқара алмай  "Фольксваген Венто" көлігінің 47 жастағы жүргізушісімен соқтығысқан", — деп хабарлады полициядағылар.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен "Фольксваген Венто" көлігіндегі екі жолаушы Приозерск ауруханасына жеткізілді.

"Бізге бір отбасы түсті: күейуі, әйелі және екі баласы. Үлкен қызы — 22 жастағы, студент, ал екінші қыз — 10 жаста. Жағдайлары ауыр. Олар бізге кеше түрлік жарақаттармен түсті. Жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі уақытта оларды Қарағандыға жеткізіп жатырмыз. Мақажанов атындағы жарақат бөліміне және ортопедия орталығына әрі қарай жедел ем алу үшін жібереміз", — деді Приозерск орталық қалалық ауруханасының травмотологы Айбек Асылтаев.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Көліктер арнайы тұраққа жеткізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар