Жамбыл облысында биылғы жылыту маусымы барысында тұрғын үйдегі үшінші газ жарылысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында биылғы жылыту маусымы барысында тұрғын үйдегі үшінші газ жарылысы болды

Жамбыл облысында биылғы жылыту маусымы барысында тұрғын үйдегі үшінші газ жарылысы болды

Жамбыл облысында биылғы жылыту маусымы барысында тұрғын үйдегі үшінші газ жарылысы болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 585
Фото - Caravan.kz

Жарылыс Тараздан 12 шақырымда орналасқан Гродеково ауылында 30-наурызда болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, жарылыс салдарынан үйдің қазан ошақ бөлмесі мен қосалқы шаруашылық нысандары толығымен қираса, төрт бөлменің қабырғасы жартылай бүлінген. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциясының бастығы Әмірхан Дауылбаевтың қорытындысына жүгінсек, үй ендігі жерде паналауға жарамсыз болып қалған. Оның хабарлауынша сондай-ақ, жарылыстың нақты себебін анықтау қажет. Қирап қалған үйдің үйінділері әлі де аршылған жоқ.
Алайда, үй қожайыны, 30 жастағы Хусан Юнусов ешкімге де өкпе артпайтынын айтты.
Соңынан белгілі болғанындай, сол күні апатқа байланысты ауылдың газ тарату бөлімі газ жіберуді тоқтатқан. Мұндай жағдайдан бейхабар болған үй қожайындары үйден шыққан кезде газ жіберетін тетікті жаппаған көрінеді.
«Газ шаруашылығы жүйесінің Тараз қалалық басқармасы» ЖШС-нің бас инженері Федор Кнауэрдің айтуынша, газ плитасы мен құбырдың дұрыс қосылмауы жарылысқа себепкер болуы мүмкін. Газ қайтадан жіберілген кезде үйде жиналып қалған газ үшін тоққа қосулы тоңазытқыштың ұшқыны да жетіп жатыр,- деді ол.
Оқыс оқиғаның нақты себеп-салдары 10 күннен кейін белгілі болады.
Бұл — Жамбыл облысында биылғы жылыту маусымы барысында тұрғын үйде болған үшінші газ жарылысы. Алғашқы оқиға желтоқсан айында Таразда, екіншісі қаңтар айында Қызыл Жұлдыз ауылында болған. Бұл оқиғалардың екеуінде де газ пайдалану тәртібін бұзған үй тұрғындарының өзі кінәлі деп танылды.

Соңғы жаңалықтар