Жарияланды: 430

Жамбыл облысында бөгенді су шайып кету салдарынан 67 үй су астында қалды

Жамбыл облысының Кеңес ауылында бөгенді су шайып кету салдарынан 67 үй су астында қалды,- деп хабарлайды KZ-today ақпарат агенттігі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып .

4-тоғандағы су бөгетінде тереңдігі 4, көлденеңі 15 метрлік тесік пайда болған. Қазір ауылдың 400 тұрғыны орта мектеп ғимаратына көшіріп орналастырылды. Елді мекенде электр жарығы үзілді. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға 20 адам мен 14 техника жұмылдырылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін