Жамбыл облысында дәмхана клиенттеріне жезөкшелер қызметі ұсынылған (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында дәмхана клиенттеріне жезөкшелер қызметі ұсынылған (ВИДЕО)

Жамбыл облысында дәмхана клиенттеріне жезөкшелер қызметі ұсынылған (ВИДЕО)

Жамбыл облысыында тағы бір қылмыс әшкере болды. 

  • 25 Қыркүйек 2023
  • 196
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында жезөкшелер үйін ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан 50 жастағы әйел ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметі ұсынылған дәмхананы анықтады.

Ойын-сауық мекемесінің әкімшісі заңсыз әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

"50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған ұялар ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, келу міндеттемесі бойынша қолма-қол ақша түріндегі заттай айғақтар мен ұялы телефондар тәркіленді", — делінген хабарламада.


 

Соңғы жаңалықтар