Жамбыл облысында қуаты 2 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қуаты 2 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясы салынады

Жамбыл облысында қуаты 2 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясы салынады

Олардың жалпы өқуаты - 2 ГВт

  • 23 Сәуiр
  • 1
ФОТО: Акимат Жамбылской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында жалпы қуаты 2 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясы салынады.

Жамбыл облысында жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істеуде. Оның ішінде 6 су электр станциясы, 10 жел электр станциясы және 6 күн электр станциясы бар.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте осы жобалардың құны мен инвесторлар кім екені айтылды.

Атап айтқанда, Masdar (БАӘ) компаниясы Сарысу және Талас аудандарында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салады. Жоба құны – 742 млрд теңге. Компания құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастап, 2029 жылы іске қосуды көздеп отыр.

Ал «Total Eren» ЖШС Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысын жүргізеді. Жобаға 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қазіргі таңда серіктестікке 52 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Жаңартылатын энергия көзі 2028 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.