Жарияланды: 460

Жамбыл облысында Орталық Азия аймағында теңдесі жоқ жаңа өндіріс орны ашылмақ

Қазақстандық өндірісшілер импорттық полиэтилен телефтелан өнімдерінің үлесін азайту үшін Жамбыл облысында жаңа өндіріс орнын ашпақ. Бұл туралы бүгін М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтіп жатқан "ТаразИнвест 2012" форумында сөз болды.

«Қазір полиэтилен телефтелан өнімдері Қазақстанға ғана емес бұрынғы кеңестік республикаларда да 100 пайыз шет елден импортталады. Оны өз еліміздегі тұтыну көлемі 150 миллион долларды құрайды. Біздің мақсат бұл нарықтың 7-9 пайызын отандық өніммен қамтамасыз ету», - дейді «Қазкадқұрылыс ТИА» ЖШС-нің Бас директоры Елжан Амандос. Оның айтуынша, әлемдегі полиэтилен телефтелан өнімдерінің 70 пайызға жуығы швейцариялық «Buhler» технологиясымен өндіріледі. Ол пластмасса бөтелкелерді өзімізде жасап, пайдаланылған өнімдерді қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Қазір республикада ол өңделмегендіктен, көлеңкелі жолмен Қытайға экспортталып жатыр. Бұл өндірістік технологияның экономикалық, әлеуметтік ғана емес қоршаған ортаны қорғауға да ықпалы өте зор. Сондықтан жаңа өндіріс орны Жамбыл облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін не болмаса келесі жылдың басында іске қосылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін